Елордада Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы «Жас маман» жобасы аясында Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі жанындағы құзыреттілік орталығының жұмысын таныстырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында колледж түлектерінің қатысуымен молекулярлық асүйдің гастрономиялық жиынтығы бойынша аспаздық студия алаңы, кейтеринг (catering) практикалық модулі - мейрамхана сервисі бойынша маркетингтің нарықтық сегменті және бар ісі бойынша «арт-кофені заманауи ұсыну» шеберлік-сыныптары таныстырылды.

Бұл алаңдар 2020 жылы басталған «Жас маман» жобасы аясында заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған.

Айта кетейік, «Жас маман» бағдарламасы «100/200» қағидаты бойынша жұмыспен қамту саласын, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған. Басқаша айтқанда, мамандарды даярлау 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында 100 неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Республикалық жоба аясында 2020 жылы 3 астаналық колледж («ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Кәсіптік-техникалық колледж) жаңғыртылды, 5 шеберхана және 5 орта арнайы оқу орындарының зертханалары жаңғыртылды. Биыл 5 колледжді (Құрылыс-техникалық, Техникалық, Технологиялық, Сервис және туризм, Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі) заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар