Елордада құрылыс нысанынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тергеу барысында анықталғандай, 47 жастағы қаскүнем кешкі уақытта құрылыс нысанынан 9 дана лифтінің бағыттаушы құралдарын ұрлап кеткен. Ол ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізіп үлгерген. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елордалық полицейлер түрлі-түсті және қара металдардың сату және заңсыз айналым орындарын үнемі тексеріп отырады.


Соңғы жаңалықтар