Елордада құрылыс қоймасы өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрғақ құрылыс қоспалары тұрған қоймадан өрт шықты. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, елорданың Көктал көшесі бойында орналасқан Alina Group ЖШС-ның 4 қабатты ғимаратындағы құрғақ құрылыс қоспаларын сақтауға арналған қоймадан өрт шыққаны туралы ақпарат өрт сөндіру қызметінің пультіне сағат 14.01-де түскен.

«Бірінші қабаттағы аумағы 90 шаршы метрді құрайтын ағаш сөрелер жанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі сағат 14.48-де өрттің жайылуын тоқтатып, 15.03-те өшірді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД жеке құрамының 26 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды», - деді Н.Нұрахмет.

null

Соңғы жаңалықтар