Елордада құрылыс компаниясына алданған 300-ге жуық үлескер полицияға жүгінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті «Expolis Invest VM» ЖШС басшылығының «Royal EXPO apartments» ЖТК құрылысы кезінде алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде полицияға 280 жәбірленуші өтініш жазған. Сот алдындағы тергеп-тексеру барысында «Expolis Invest VM» ЖШС әрекетінен еліміздің түрлі аймақтарында тұратын 300-ден астам адам жапа шеккені анықталды.

Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті тергеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті компания әрекетінен зардап шеккен үлескерлерді тергеу басқармасының мына телефон нөміріне хабарласуын өтінеді: 71-62-85, 8-775-968-77-34.

Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау мақсатында құрылысшылармен үлестік құрылыс туралы құжаттарды толтыру кезінде келесі аспектілерге назар аударуды сұраймыз:

- жобалаушы мен салушы компанияның нақты заңды мекенжайы туралы мәліметтер;

- компанияның мемлекеттік тіркеуден өтуін растайтын құжаттар;

- компанияның құрылтайшылары, сондай-ақ жобалаушылардың құрылтайшылары туралы мәліметтер;

- құзырлы органдардың лицензиясының болуы, онда құрылыс жүргізу үшін жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын тарту рұқсаты көрсетілуі тиіс;

- компанияның құрылыс жүргізілетін жерге құқығын растайтын құжаттар;

- МСҚББ нысанды салуға рұқсатының болуы;

- құрылыс кезеңдері мен оның аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер;

- салушының жосықсыз салушылар тізімінде бар-жоғын тексеру.

Осылайша, елорда әкімдігі прокуратурамен бірлесіп жүргізген мониторинг кезінде үлескерлердің ақшасын заңсыз алған 46 құрылыс компаниясын анықтады.


Соңғы жаңалықтар