Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс аумағындағы асхана ретінде жабдықталған контейнер өртенді. Онда газ баллоны жарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 желтоқсан күні сағат 22:14-те елорданың ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесіндегі 43/2-үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін сонда жетті. Олар жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 шаршы метр аумақта асхана ретінде жабдықталған контейнер жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, асхана жанындағы ағаш құрылғылар да өртене бастаған», делінген хабарламада.
Қазіргі болжам бойынша газ баллоны жарылған. Ө рт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де толық сөндірілді.
Қазір мамандар өрттің шығу себебі анықтауға кірісті. Өртті сөндіруге 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.
- Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
- Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
- Қаулы жаңартылды: Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді
- Оралда көпқабатты үйдегі өрттен 14 адам эвакуацияланды
-
Қаулы жаңартылды: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейтін болды
-
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам