+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елордада құрылыс алаңындағы қоқыстан өрт шықты

2021 жылғы 24 қыркүйек 22:05
Бөлісіңіз:
Елордада құрылыс алаңындағы қоқыстан өрт шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобаларына дауыс беру басталды ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді Нұр-Сұлтанда әйел баласымен бірге көп қабатты үйдің балконынан секірмек болған

«24 қыркүйек күні сағат 19:35 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Кенесары көшесі 3А мекен-жайынан түтін көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр алаңда рубероид пен жиналған қоқыс жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.

ТЖД –нің мәліметінше, өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 19:49-да ауыздықтап, 19:57-де өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетсек, аталған өрт оқиғасына қатысты видеолар мен суреттер алдымен желіде тарады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT