
14:47
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7-12 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен 2021 жылғы Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек» сарайында өтеді.
Мәлім етілгендей, 18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.
Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдері чемпионат шымылдығын жабады.