Елордада күрес түрлерінен Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатының екінші күні грек-рим күресінен 4 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтар болсақ, 55, 63, 72 және 82 келіде бақ сынаған балуандар өзара мықтыны анықтады. Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынып жатқан астанадағы әлем біріншілігінің алғашқы алтын медалі Грузия балуанына бұйырды. Ол финалда қазақстандық спортшыдан айласын асырып, абыройы тасыды.
62 келі салмақтың бас жүлдесі жартылай финалда қазақстандық Алмат Кебіспаевтан айласын асырған жапония балуаны Шинобу Отаға бұйырды.
72 келі салмақта ресейлік балуан теңдессіз екенін көрсетсе, 82 келі салмақтың көшін тағы бір Грузия балуаны қанжығасына байлады. Осылайша, грузиндер 2 алтын медальмен бірден жалпы есепте көш бастады.
Күрес түрлерінен Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
55 келі:
1. Нугзари Цурцумия (Грузия)
2. Қорлан Жақанша (Қазақстан)
3. Эльданиз Азизли (Әзербайжан), Шота Огава (Жапония)
63 келі:
1. Шинобу Ота (Жапония)
2. Степан Марянян (Ресей)
3. Алмат Кебіспаев (Қазақстан), Славик Галстян (Армения)
72 келі:
1. Абуязид Манцигов (Ресей)
2. Арам Варданян (Өзбекстан)
3. Балинт Корпаши (Венгрия), Айк Мнацаканян (Болгария)
82 келі :
1. Лаша Гобадзе (Грузия)
2. Рафиг Гусейнов (Әзербайжан)
3. Саид Абдуали (Иран), Цян Хаитао (Қытай).
Айта кетейік, осыған дейін Қорлан Жақанша күміс медаль, ал Алмат Кебіспаев қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз. Жақанша жеңіп алған күміс медаль оның Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болса, Кебіспаевтің қоласы Әлем чемпионатындағы үшінші қоласы. Ол осыған дейін 2010 жылы Мәскеуде, 2015 жылы Лас-Вегаста өткен әлем біріншілігінде қола медаль еншілеген болатын. Сондай-ақ, Алмат 2011 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.
- Алматыда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
- Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді
- Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары анықталды
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
-
Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
-
«Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам