Елордада Куприн үйін қалалық музей етіп қайта ашу мәселесі көтерілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ХХ ғасырдың басында негізі қаланған елордадағы тарихи жәдігерлердің бірі – көпес Куприн үйі. Астана тұрғыны аталған үйді қалалық музей ретінде қайта жаңғыртуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада туризмді дамытуда кедергілер бар. Мысалы, ЭКСПО-дағы музейді алсақ, аптаның үш күні ғана жұмыс істейді. Музей жұмыс істемейтін күндері келген туристер сонда қайда барады? Ұлттық музейде балаларға арналған бөлме ашылыпты, демалыс күндері жиендерімді апарайын десем, біз «сейсенбі, жұма күндері жұмыс істейміз» дейді», - деді Астана туризм қауымдастығының өкілі Татьяна Верницкая әкім орынбасарымен кездесу барысында.

Сондай-ақ, ол қалалық музейді қайта жаңғырту идеясын көтерді.

«Бізде қалалық музей жоқ. Бұрын көпес Куприннің үйі музей болды. Ол ХХ ғасырдың басында ашылған. Ол бүгінде жабық тұр. Демек қала тарихынан хабар беретін, бүгінгі Астананың қайдан басталатынын баяндайтын музей жоқ. Бізге салалық музейлер де керек. Елордада тарихы бар бірнеше өнеркәсіп бар», - дейді ол.

Ұсынысты тыңдаған қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев идеяны жүзеге асыру жағы қаралатынына уәде берді.

Айта кетсек, елордада қала орынбасарының, қалалық Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшышылығы және түрлі бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Аталған шараға ортаға салынған тақырыптың бірі қалалық туризмді дамыту.


Фото: wikipedia.org

Соңғы жаңалықтар