Елордада құпия орынға есірткі жасыратын апалы-сіңлілер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елорда аумағында құпия орынға синтетикалық есірткі қалдырып кетумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Абылай хан даңғылы бойында 38 және 40 жастағы апалы-сіңлілер ұсталды. Әйелдерді жеке тінту барысында салмағы шамамен 5 грамм болатын «скорость» синтетикалық есірткі заты табылды. Ақмола облысынан келген апалы-сіңлілердің Кравцов көшесі бойында жалға алған пәтерін тінту барысында таразы және құпия орынға қалдырып кетуге дайын 15 орама және 90-нан астам дозаға жеткілікті синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы ретте қалалық полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау және таратқаны үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар