Елордада күніне 450 адам дезинфекция жұмысын жүргізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының кең ауқымда таралуына жол бермеу мақсатында елордада күн сайын дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсіресе әлеуметтік нысандарға, базарлар мен супермаркеттерге, жаяу жүргіншілер жолы мен балалар алаңына, подъездерге баса мән берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда астанада күніне 450 адам дезинфекциялық жұмыстарды жүргізіп, қауіпсіздік шараларын қабылдап жатыр. Қалалық қызметпен бірге іске Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері де тартылған.

«Таң атпастан шығып, аулаішілік аумақтарды, подъездер мен балалар алаңын тазартамыз. Әсіресе адам көп жиналатын аумаққа баса маңыз беріледі. Препарат тиімді. Халықты инфекциядан барынша сақтануға шақырамыз. Алдын алу жұмыстарының бәрін ұстану керек. Дезинфектордың жұмысы күрделі. Бәрі де арнайы киім киіп, ауыр аппаратураларды көтеріп жүреді. Ол аппаратураны қайта-қайта толтырып тұру керек. Біздің ең басты міндетіміз – аумақты барынша тазалау», - дейді дезинфектор Қуаныш Танкеев.

Айта кетсек 30 наурыздан бастап қалада санитарлық тазалау мен дезинфекциялау жұмыстары күшейтіледі. Банктердің ішінде де аталмыш жұмыс кеңінен жүргізілмек. Осы себепті дезинфекторлар банк қызметкерлері мен клиенттеріне маска мен қолғап киюді ескертеді.

Ал банктер өз тарапынан клиенттерге барынша қашықтағы онлайн-банкинг арқылы жұмыс жүргізу маңызды екенін ескертуде.


Соңғы жаңалықтар