Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Елордада күніне 100-ге жуық сәби дүниеге келеді

2019 жылғы 12 шілде 22:54 151
Бөлісіңіз:
Елордада күніне 100-ге жуық сәби дүниеге келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 3 перинаталдық орталықта күніне 100-ге жуық сәби дүние есігін ашады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қала бойынша жыл сайын шашамен 31 мың адам сәби дүниеге келеді. Ал күніне 100-ге жуық бала дүние есігін ашады. Бүгінде қалада 3 перинаталдық орталық бар. Біздің көтерген мәселеміз - перинаталдық орталықтарды ауруханалармен біріктіру. Бүгінде қалада бұл тәжірибе №1 перинаталдық орталық пен №2 қалалық ауруханасының базасында қолға алынды. Ендігі уақытта қалған екі орталықты да солай жасау қажет. Неге десеңіздер, себебі перинаталдық орталыққа жүкті әйелдер түрлі жағдаймен түседі, кейде ота жасау керек сәттер болады. Сондай кездейсоқ жағдайда ауруханамен біріктірілгені тиімдірек», - деді №3 перинаталдық орталығының бас дәрігері Зайтуна Хамитуллина. 

Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері елордада 16 мыңға жуық сәби дүниеге келді. 

«Тағы бір перинаталдық орталықтарға тән ортақ мәселе ол ғимараттардың ескіруі, бізге жаңа ғимарат керек. Оның үстіне өзіңіз білесіз, елордаға жыл санап өңірлерден келушілердің саны артып келеді. Сондай-ақ, маман тапшылығы да бар. Қазіргі таңда елордада реаниматолог және анестезиолог мамандарының жетіспеушілігі бар», - деді ол. 

З.Хамитуллинаның дерегіне сүйенсек, өткен жылы бас қалада түрлі себептермен 3 жүкті әйел көз жұмған.  

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT