Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.11 EUR 424.21
RUB 5.91 CNY 56.19
Jańalyqtar

Елордада күн минус 10°С дейін суытады

2019 жылғы 17 сәуір 16:09 558
Бөлісіңіз:
Елордада күн минус 10°С дейін  суытады

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы -10°С дейін төмендейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша ертең қалада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауады. Түнде оның жылдамдығы 9-14, күндіз 5-10 м/с дейін жетеді.

Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз 0°С шамасында. 19 сәуірде көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбық жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -3...-5°С, күндіз +6...+8С көрсетеді. 20 сәуірде де күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 7-12 м/с құрамақ.

Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +3...+5°С шамасында. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT