Елордада құмар ойынын ұйымдастырушы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сотталушы құмар ойын бизнесін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу арқылы жүзеге асырып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Прокуратураға сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның дерегіне сүйенсек, соңғы үш жылда елордаға ҚР Бас прокуратура арқылы шетелден 11 азамат экстрадицияланды (Ресей, БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина, Армения) оның 10-на үкімі шықты және біреуінің ісі сотта қаралуда.

«Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы №2 Сарыарқа аудандық соты ірі көлемдегі кірісі бар заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған (ҚК 307-бабынің 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес) Б.Е. Атабаев 4 жылға бас бостандығынан айырды», - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Хараламада айтылғандай ол Қазақстанда казино жұмысын жүргізуге тыйым салынғанына қарамастан (Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауы мен Ақмола облысы Щучинск ауданын есептемегенде) 2016-2017 жылдары К.Парфенов, Е.Мальцев және тағы басқа азаматтармен табыс табу мақсатында елордада 47 ойын терминалын орнатып, құмар ойынын кәсіп еткен.

«Өз кәсібін заңды түрде жүзеге асыру үшін қалалық салық басқармасында «Куликова И.А» атауымен тіркелген жеке кәсіпкерлік арқылы жұмыс істеген. Мамандар жасаған қорытындыға сәйкес, барлық терминалдарға онлайн-казино ойындары орнатылған. Ойын автоматтары арқылы қабылданған және берілген қаражаттың жалпы сомасы 17,5 млн теңгені құрайды», - деп хабарлайды прокуратура.

Қылмыстық органдардың құрығынан қашып жүрген Б.Е. Атамбаевқа халықаралық іздеу жарияланды, араға 3 ай уақыт салып ол Өзбекстан аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Сонымен қатар оның сыбайластары да бұрын қалалық соттың үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылған.

Соңғы жаңалықтар