USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

2021 жылғы 18 қазан 15:54
Бөлісіңіз:
Елордада құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында жасырын құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ұқсас жаңалықтар
Мектептен кейін оралмаған: Атырауда жоғалған 9 жасар қыз табылды Елордада заңсыз қоқыс орындарын анықтау үшін дрон мен мобильді робот қолданылады Елордада бірінші ауысым оқушылары сабақ оқиды

«Елордалық полиция қызметкерлері жүргізген арнаулы операция барысында Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жасырын заңсыз құмар ойынын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Топ құрамына осындай қылмыстарды жасағаны үшін бұрын сотталған адамдар кіргені анықталып отыр», - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері топтың нақты иерархиясын, қылмыскерлердің өзара рөлін әшкереледі.

«Біреулері алдын ала сөз байланысқан ойыншылар мен дилерге жауапты болса, енді бірі арнайы белгіленген карта және орын-жаймен қамтамасыз етіп отырған. Ал үшіншісі әлеуеттік ойыншыларды іріктеумен айналысқан», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Қылмыстық топты құмар ойының үстінде ұстауға бағытталған операция қаладағы кез келген адам кіре алмайтын орынның бірінде жүргізілді. Полиция қызметкерлері тінту барысында ірі сомадағы ақша, құмар ойын ойнауға қажетті атрибуттар, оның ішінде арнаулы техникалық құралдарды тәркіледі.

Қазіргі уақытта қылмыстық топты ұйымдастырушы және оның мүшелері ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT