Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмін 5 мыңға жуық бала тегін тамашалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қайырымдылық бастама Наурыз мерекесінен бастау алды. «Күлтегін» мультфильмнің 2 сеансына 5 000-ға жуық бала, оның ішінде көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балалар да қатысты.

«Бұл қайырымдылық іс-шара отандық мультфильмдер арқылы жас көрерменнің ел тарихына деген қызығушылығын арттырады. Отандық анимациялық туындыларды көрсетудегі мақсат - даңқты батырлардың ерлігін, қазақ халқының мәдениетін анимация арқылы таныту, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Алдағы уақытта «Қазақконцерт» пен «Қазақфильм» ұйымдарының бірлескен бастамасы өз жалғасын тауып, «Қазақстан» ОКЗ кинозалында мультфильмдер және қазақ кино өнерінің басқа да озық туындылары жас бүлдіршіндерге тегін көрсетілмек», - деп хабарлайды министрліктен.
null

Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің ерлігі туралы баяндайтын бұл мультфильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Қазақ және орыс тілдерінде көрсетілген «Күлтегін» мультфильмі кішкентай бүлдіршіндердің көңілінен шығып отыр. Ата-аналар да игі іс-шараның ұйымдастырушыларына өз алғыстарын жеткізді.

«Аяла» қайырымдылық қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын көптеген мәдени іс-шараларға жиі қатысады. Бүгін «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімін Нұр-Сұлтан қаласының «Балалар үйі» МКМ тәрбиеленушілері тамашалады. Бұған дейін көрсетілген «Мұзбалақ» мультфильміне арнайы мектеп-интернаттардың 200-ге жуық оқушысы қатысты. Осындай бастамаларды біз әрдайым қолдауға дайынбыз. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге көңіл бөліп, осындай қызықты әрі танымдық туындыны көруге шақырған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз», - дейді «Аяла» қайырымдылық қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі Салтанат Әскербекқызы.

Еске салсақ, 22 және 24 наурыз күндері елордадағы QAZAQSTAN орталық концерт залында «Мұзбалақ» анимациялық фильмін 5 600 бүлдіршін тамашалаған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар