Елордада Крещение рәсімдеріне тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасында коронавирусқа қатысты эпидахуалдың нашарлауына байланысты Крещение діни мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Қалада эпидахуалдың күрделілігіне байланысты Крещение қарсаңында шомылу өткізілмейді. Бұл - қаланың бас санитар дәрігерінің шешімі», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Православ христиандарында бұл діни мейрам жыл сайын 18 қаңтардың кешінен басталып, 19 қаңтарға ұласады. Ал су айдындарында орналасқан ойықтарда шомылу рәсімі дәл мереке күні немесе кейінгі күндері де өткізіле береді.

Еске салайық, былтыр да елордадағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты Шоқыну мерекесіне арналған жаппай шомылу рәсіміне тыйым салынған болатын.


Соңғы жаңалықтар