Елордада ҚР Кәсіптік білім беруді қолдау қорын құру туралы меморандумға қол қойылды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың «Көрме» кешенінде өткен «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты 2-ші халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы ҚР Кәсіптік білім беруді қолдау қорын құру туралы меморандумға қол қойды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау қорын құру - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Әріптестердің жоспары бойынша, қордың қаражаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған  жекелеген бағдарламаларға, салалардың бірі үшін кадрларды дайындау бойынша нақты тапсырмаларды шешуге және жаңа оқу бағдарламаларын жасауға жұмсалады.

Сонымен қатар осы форум барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Сауд  Арабиясы Корольдігінің кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі корпорациясының,  GEMCO INTERNATIONAL BV голландық компанияның және FONTYS Қолданбалы ғылымдар унверситетінің ( Голландия) арасында келісімдерге, ниет хаттамаларына және меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар