Елордада қозғалысын тоқтатқан қаламаңы автобустарының саны артты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қала маңына қатынайтын тағы 3 автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Сағат 13.00-дегі өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 316, 317, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына жүретін басқа бағдарлар линияда», - делінген мәліметте.

Еске салайық, бүгін таңертең саға 09.00-де қала маңына қатынайтын № 315 және 310, сағат 11.00-де №308 және 309-ыншы автобустар қозғалысы желіден алынды.

Осы уақытта Астанадан шығатын бірқатар автожол барлық көлік түрлері үшін жабық тұр:

республикалық маңызы бар «Астана қаласы – Қабанбай батыр кенті – Киевка – Теміртау (37 -51 км) автожолының «Қабан батыр кенті – Қарағанды облысының шекарасы»;

«Екатеринбург - Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі;

«Астана – Ерейментау – Шідерті» (16-200 км) автожолының «Астана – Павлодар облысының шекарасы» учаскесі.

Синоптиктер 3 қаңтарда 13 өңірде ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерту жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар