Елордада көз жұмған адамдар туралы ақпаратты сатқан 9 полицей жұмыстан қуылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көз жұмған адамдар туралы жеке мәліметті сатқан 9 полицей жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Жеке қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлерінің қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу үшін жұмыс жүргізеді. Азаматтардың кез келген арызына жіті қарап, тиісті шараларды қабылдайды. Мәселен, Жеке қауіпсіздік басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты тексеру жүргізді. Ол лауазымды тұлғалар ақылы ритуалдық қызмет көрсететін ұйымдардың біріне өмірден өткен адамдардың жеке мәліметтерін беріп отырған», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Қызметтік тексеру барысында полиция қызметкерлерінің әрекетінен қылмыстық құрам табылмаған.

«Тексеру қорытындысы бойынша, қызметтік тәртіпті өрескел түрде бұзғаны үшін теріс мотивпен 9 полицей ІІБ-ден шығарылды», - деп хабарлайды департаменттен.

Соңғы жаңалықтар