+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Елордада коттедж тонауды кәсіп еткендер қолға түсті

2019 жылғы 15 қыркүйек 23:57
Бөлісіңіз:
Елордада коттедж тонауды кәсіп еткендер қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында коттедждерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен екі азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда қоғамдық орында жасалатын қылмыс саны 2 есе азайды БҚО тұрғынынан 100-ден астам киік мүйізі тәркіленді Бахрейнде қазақстандық 21 қыз сексуалдық құлдықтан босатылды - ҚР СІМ

Ұсталғандар Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облысының тумалары болып шықты. Олар бұрын да істі болған.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілердің негізінен қала шетіндегі коттедждерге ұрлыққа түсіп жүргендері анықталды. Олар күндізгі уақытта-ақ үйлердің пластикалық терезелерін бұзып кіріп, іштегі ақша, зергерлік бұымдар мен қымбат тондарды қолды етіп келгендері белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталғандардың осы тектес 4 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

«Аталған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне 8 (7172) 71-60-69; 71-60-28 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз»,-делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT