Елордада көші-қон заңнамасын бұзған мыңнан астам мигрант анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында қауіпсіздік деңгейін көтеру және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету,  сондай-ақ елордадағы криминогендік ахуалды сауықтыру мақсатында қала аумағында 21-31 мамыр аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шараның екі күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 1033 мигрант анықталды. Олардың 828-і - Өзбекстан, 51 - Қырғызстан, 71 - Тәжікстан, 29 - Әзербайжан, 18 - Ресей, 9 - ҚХР, 14 - Армения, 1 - Беларусь, 6 - Грузия, 5 - Түркия азаматы.

Шара барысында әртүрлі баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке 3202 тұлға, олардың ішінде Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзғаны үшін 926 шетел азаматы жауапқа тартылды.

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қабылдағыш-таратқыштарына 110 тұлға, оның ішінде 109 шетел азаматтары орналастырылды.

Уақытша тіркеусіз жүрген Қазақстан Республикасының 204 азаматы анықталып, тұрғылықты жері бойынша азаматтарды заңсыз тіркегені үшін 56 адам жауапқа тартылды.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республиксының 22 азаматы жауапқа тартылды. Қиын жағдайға ұшыраған адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру орталығына 35 адам орналастырылды.

Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе ұстағаны үшін 6 тұлға ұсталды. 284 қару иесі тексеріліп, оның ішінде 19 адамның қару сақтау құқығын бұзғаны анықталды, 19 бірлік қару алынды.

Осы жылдың 21-24 мамыры аралығында 144 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 38-і ашылды. Іздеуде жүрген 16 тұлға ұсталды. Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінде 400-ден астам шетел азаматы салық төлеуші ретінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар