+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Елордада көше саудасына тыйым салынды

2020 жылғы 24 мамыр 12:16
Бөлісіңіз:
Елордада көше саудасына тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин аяқталғанға дейін серуендеу кемесінің жұмысына, көше саудасының кез келген түріне тыйым салынған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәиеваның қаулысында көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда айтылғандай, жобамен 50 адам отыратын орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етілген, бірақ ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады.

«Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен карантиндік режимді сақтай отырып, білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау курстарының, семинар сабақтарының, ересектерге арналған үйірмелердің қызметіне рұқсат етілсін. Тек жеке сабақтар болуы керек немесе топтағы адам саны бесеуден аспауы шарт», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, серуендеу кемесінің жұмыс істеуіне, көше саудасының кез келген түріне тыйым салынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT