Елордада көше саудасы үшін берілген жерлердің мақсатты пайдаланылуы тексеріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көше саудасы үшін беріліп, бірақ пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару керек. Бұл туралы тұрақты комиссияның отырысында елорда маслихатының хатшысы Ерлан Каналимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрамына мәслихат депутаттары, барлық жауапты мемлекеттік органдар кіретін жұмыс тобын құрайық. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын да тартайық. Сосын «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша жалға берілген учаскелерде орналасқан объектілерге мониторинг жүргізейік. Егер жұмыс істемей, пайдаланылмай жатқан жерлер болса, онда ол кәсіпкерлермен келісмшартты бұзамыз.

Содан кейін, сауда орталықтарымен жұмыс жасаңыздар. Біз сауда орталықтары дейміз. Олар қазір қандай күйде? Не болып жатқанын қараңыз! «Жаннұр», «Астана МАLL» базарға айналды. Бұл жерлердегі көлік тұрағының орнына дүңгіршектерді қоюға кім рұқсат берді? Адамдар көлігін қайда қоюы керек? Мұны кім қадағалайды? Бұл жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану. Бұл учаскелердің жартысы мемлекеттік жер. Тек тұрақ үшін уақытша жалға берілген», - деді Еран Каналимов.

Маслихат хатшысы егер «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы тиімді іске асырылмаса, онда оны жауып, орнына жүйелі бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты.


Соңғы жаңалықтар