+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Елордада коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында 9 зертхана сатып алынған

2020 жылғы 23 қазан 23:28
Бөлісіңіз:
Елордада коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында 9 зертхана сатып алынған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда коронавирустың екінші толқыны келген жағдайда медицина мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды Қазақстанда 710 бала коронавирустан емделіп жатыр 474 қазақстандық коронавирустан жазылды

Әкімдіктің мәліметінше, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының есеп беру жиыны онлайн режимде өткен. Оған қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Шоранов, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, қалалық және жеке медициналық ұйымдардың бірінші басшылары қатысты.

Тимур Мұратов өз баяндамасында елордада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарғанын атап өтті. Өмір сүру ұзақтығы өсіп, қан айналымы жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктерден, жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын нәресте өлімінің төмендеуі байқалады.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдай бойынша мәселелер қозғалды. 23 қазандағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының 20 жаңа жағдайы анықталды.

«Бүгінгі таңда КВИ-мен науқастанған жұқпалы аурулар стационарларында - 94 пациент, карантинде – 148 пациент бар. Пандемия басталғаннан бері 13 701 науқас сауығып, 318 адам коронавирустан қайтыс болды. Күн сайын қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау жұмыстары жүргізіледі», - деді басқарма басшысы.

Кеңеске қатысушыларға елордада COVID-19 қайталанған жағдайдағы дайындық туралы баяндалды. Қала әкімдігі мен басқарма медициналық ұйымдар үшін қосымша жабдықтар сатып алды.

«15 зертхана жұмыс істейді, олардың тәуліктік қуаты 10 мыңнан астам зерттеу мен қуаты 1440 зерттеу болатын қосымша 9 изотермиялық зертхана сатып алынды», - деп атап өтті Тимур Мұратов.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен емханаларда халықпен жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет жүйесі бізден басталады. Пациенттермен неғұрлым тығыз байланыс орнатып, халықтың денсаулығына мұқият болу қажет. Жыл соңына дейін уақыт береміз, егер жұмыс жақсармаса, қатаң шаралар қабылданады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сондай-ақ, елорда әкімінің орынбасары дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Бұл мәселе қала басшылығының қатаң бақылауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT