Елордада коронавирусты анықтайтын 24 зертхана бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – 2 қазаннан бастап елордаға 716 рейспен 101 953 адам келді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада КВИ диагностикасы бойынша тәуліктік қуаттылығы 12 мыңнан астам зерттеуді құрайтын 24 зертхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері барлығы 335 138 зерттеу жүргізілді, соның 13903-і оң нәтиже көрсетті. Оның ішінде қайталанатын және бақылау сынақтары да бар», - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, 2 қазаннан бастап елордаға 716 рейспен 101 953 адам келді.

«Оның 84 410-ында теріс ПТР нәтижесі бар анықтама болса, 17 543 адам карантиндік стационарға жатқызылды және тексерілді, 74-інде оң нәтижде көрсетті. Соңғы тәулік ішінде елордаға келген 4 рейстегі 747 адам теріс ПТР нәтижесі бар анықтамамен келді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар