+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Елордада коронавируспен ауырғандар саны 1,3 есе артты

2020 жылғы 29 қазан 11:34
Бөлісіңіз:
Елордада коронавируспен ауырғандар саны 1,3 есе артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы апта ішінде елордада коронавируспен ауырғандар саны 1,3 есе артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

«Жыл басынан, яғни 13 наурыз бен 28 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінің 14 510 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 8 929 симптоммен, 5 581 симптомсыз. Қаладағы сырқаттанушылық көрсеткіші республикалық орташа деңгейден 2,1 есе жоғары және 10 мың тұрғынға шаққанда 1 256,1-ді құрайды. Қазақстан бойынша - 604,9. 14 510 жағдайдың 161-і сырттан келгендер болса, 10 439-ы жергілікті тұрғындар арасында, 3 903-і байланыста болған адамдардан анықталды. Бүгінгі күні байланыста болған 18 220 адамның 17 438-і карантиннен алынды. Амбулаторлық емдеумен жазылып шыққандардың саны - 13 939 адам, қайтыс болғандардың саны - 319 адам. 230 адам стационарлық және амбулаторлық ем қабылдап жатыр», - деді ол.

Оның дерегінше, жас құрамы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың көбі 40 жастан асқандар және барлық жағдайлардың 42 пайызын құрайды. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жұқтырғандар 8 пайызды, 18-29 жас аралығындағылар 22 пайызды, 30-39 жас аралығындағылар 28 пайызды құрайды.

«Егер қалада корнавирус індеті тіркелген ең алғашқы кезде ерлер арасында ауырғандардың саны басым әрі 60,3 пайызды құраса, 9 айдың қорытындысында ауырып қалған әйелдердің үлесі артып, 53 пайызға жетті. Короавирус инфекциясымен ауырғандарды тіркеу жағдайы әлі де жалғасып жатыр. Тәулігіне 15-тен 33-ке дейін аурудың симптомдары бар жағдайлар тіркеледі», - деді Жанна Пірәлиево.

Елорданың бас санитар дәрігерінің атап өтуінше, қалада ерсектер арасында да, мектеп жасындағы балалар арасында да коронавирус инфекциясы тіркелуде.

«8 күннің, 7-14 қазанның аралығында репродуктивтілік саны 1-ден асып түсті. Соңғы 13 күннің ішінде репродуктивтілік саны төмендеді. Бірақ, бүгіннен бастап репродуктивтілік сан 1-ден асып, 1,8-ді құрап отыр. Сонымен қатар соңғы аптада ауырғандардың алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,3 есе немесе 28 пайызға көбейді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT