Елордада коронавируспен ауырған 66 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Елордада коронавирустың өршуіне байланысты жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан науқастар саны артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың өршуіне байланысты жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан науқастар саны артты. Қазіргі уақытта бұл бөлімде 66 науқас жатыр. Мұның бәрі санитарлық нормаларды сақтамай, адамдар көп шоғырланған орындарға барып, карантин режимін бұзудың салдары», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, елордадағы жұқпалы аурулар стационарларында дәрігерлер жұмыла жұмыс істеуде.

«Қазіргі уақытта коронавируспен күресуге 3700-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылды. Қажетті жағдайда жұмысқа тартылатын кадрлық резерв те дайындалып қойды. Елордада коронавирусты емдейтін 11 стационар бар, оның 10-ы — жұқпалы аурулар стационары», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар