Елордада коронавирусқа талдау жасайтын қанша зертхана бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада коронавирустық инфекцияға арналған биоматериалдарды талдаудың 13 зертханасы бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 7 мың сынаққа дейін жетеді. Оған қоса, 100 мыңға жуық реагент бар. Қазіргі кезде 9 изотермиялық зертханалық кешен сатып алу шаралары жүргізілуде. Бұл кешеннің ерекшелігі – ол ПТР талдауды бір сағаттың ішінде дайындап береді», - деді Т. Мұратов баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізуде. COVID-19 инфекциясының күзгі-қысқы кезеңінде алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сонымен қатар ол ауруханалар өкпені жасанды желдету аппараты құрылғыларымен толықтай қамтылғанын (434 аппарат) айтты.


Соңғы жаңалықтар