Елордада коронавирус жұқтырушылардың саны тәулігіне 620 адамға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус жұқтырушылардың саны тәулігіне 620 адамға жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалуда. Қала әлі де «қызыл аймақта» тұр. 11 маусымнан бастап қалада коронавирус жұқтыру жағдайларының өсуі байқалады. Соңғы аптада күніне жағдайлардың саны 350-ден 620-ға дейін өсті. Сәйкесінше апталық қарқынды көрсеткіш 2,8 есе артты. Соңғы аптадағы ауру деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 65 пайызға ұлғайды. Апталық қарқынды сырқаттанушылық көрсеткіші - 298,2. Репродуктивті саны-1,315», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандардың саны 45 мыңнан асқан.

«Пандемия басталғаннан бері 63 968 жағдай тіркелген Оның ішінде 43 866-сы симптомды және 20 102-сі симптомсыз», - деді Сархат Бейсенова.


Соңғы жаңалықтар