Елордада коронавирус жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу тәртібі түсіндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавируспен ауырғандарды ауруханаға жатқызу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер нақты коронавирус инфекциясына тоқталсақ, аумақтық емханалар шешімі бойынша жедел жәрдем ауруханаға жеткізеді. КВИ тіркелген жағдайда аумақтық емханалар осы эпидемиологиялық ошақты бақылауға алып, індеттің симптомсыз немесе симптомды екенін анықтайды», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзінше, емханадан тыс тұрғын өзі хабарласса, онда жоғары қауіпті ескере отырып, жедел жәрдем станциясының қызметкерлері пациентті ауруханаға жеткізеді.

«Егер қолдарында нақтыланған анализ болмаса, ауруханаға жеткізеді, провизорлық стационарға консультацияға алып барады. Онда баршасына коронавирус инфекциясы бойынша тест жасалып, адамдардың ағзасы тексеруден өтеді. Сол жерде ауруханаға жатқызу мәселесі шешіледі. Инфекция нақтыланса, науқас инфекциялық стационарға ауыстырылады», - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетейік, Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бірінші кезекте не істеу керектігін түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмнан парацетамол және күніне бір рет аспирин (150 миллиграм) қабылдауы керек.


Соңғы жаңалықтар