Елордада коронавирус жұқтырғандар бір аптада 12 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері коронавируспен ауырған астаналықтардың саны 15 мыңнан асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева онлайн брифингіде айтты.

«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Жағдайды бағалау матрицасы бойынша қаламыз 1 ай бойы қызыл аймақта тұр. Күніне 350-ден 580-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттану көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 12 пайызға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққанда қарқынды көрсеткіш 250,8-ді құрайды, репродуктивтік сан 1-ден асады», - деді маман.

Ол, сондай-ақ, сырқттану көрсеткіші әсіресе ересектердің арасында көп екеніне тоқталды.

«Ағымдағы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Пандемия басталғалы 34453 жағдай тіркелді. Оның ішінде 22 254 симптомдары бар және 12 199 сиптомсыз.

Соңғы тәулікте 446 бастапқы жағдай тіркелді. Оның ішінде симптомдары бар 297 жағдай, 149 симптомсыз жағдай. Жас құрылымы бойынша сырқаттанудың ең жоғары деңгейгі ересектер арасында тіркеледі. Олар жалпы сырқаттанушылықтың 80 пайызын құрайды», - деген бас санитардың орынбасары соңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша егде жастағы сырқаттанушылардың саны артқанын мәлім етті.

«Сырқтатану көрсеткішінде балалардың үлесі 17 пайыз және жасөспірімдер 3 пайызды құрайды. Сондай-ақ, ересектер арасында 30-39 жас аралығындағы адамдар инфекцияға өте сезімтал. Олар ересектердің жалпы сырқаттану құрылымында 24 пайызды құрайды. Соңғы апта егде жастағы адамдардың арасында сырқаттанудың 2 пайызға өсуі байқалады», - деді Жанна Пралиева.


Соңғы жаңалықтар