Елордада коронавирус жұқтырған адам тұрған үй карантинге жабыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Елордада коронавирус жұқтырған адам тұрған тұрғын үй оқшаулана ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин жүргізу үшін тұрғын үйді оқшаулау - дұрыс емес, себебі қандай да бір диагнозы анықталған науқас жедел түрде ауруханаға жатқызылады», - деді Бахтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, адам өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырса, бірден ауруханаға жатқызылады.

«Егер ол туыстарымен немесе тұрғын үйдегі адамдармен қарым-қатынаста болса, олар карантинге жатқызылады», - дейді ол.

Айта кетейік, кеше коронавирус жұқтырған адам тұрған Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үйі оқшауланған болатын.


Соңғы жаңалықтар