Елордада коронавирус жұқтырған 9 адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 адам ауыр халде жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында осыған дейін вирусты жұқтырған жалпы 316 адам анықталды. Оның 47 пайызы ерлер, 53 пайызы әйелдер. Коронавирусты жұқтырғандардың 43 пайызы – 30-49 жас аралығындағы азаматтар. 26 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 16,5 пайызы – 50-59 жас аралығындағы адамдар болса, 9 пайызы 60-69 жас аралығындағы азаматтар. 3 пайызы – 70 және одан үлкен жастағы кісілер. 3,4 пайызы – 18-ге толмаған балалар», - деді Сәуле Қисықова «Хабар 24» арнасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы елордада емделіп шыққандардың саны – 154 адам (48 пайызы).

«Аталған азаматтар үй жағдайындағы карантинде тағы 14 күн бойы болуы тиіс. Сонымен қатар бүгін ауруханадан бір шетел азаматы жазылып шықты. Аталған азамат Ыстанбұл-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілген болатын. Қазіргі уақытта ауруханаларда 399 науқас ем алуда. Оның 170-і коронавирустан емделушілер. Оның ішінде 10 науқас – басқа облыстардың тұрғындары. Сонымен қатар 9 науқастың жағдайы ауыр халде. Оның төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар