Елордада коронавирус жүкті әйелдер мен балалар арасында жиілей түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жүкті әйелдер мен балалар арасында COVID-19-ға шалдығу жиі байқалуда. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова әкімдікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде инфекциялық стационарда 748 пациент ем алып жатыр. Ондағы төсек-орынның 60 пайызы бос емес. Қаңтардың басында күніне инфекциялық стационарға күніне 18 адам түссе, соңғы тәулікте оның саны 215-ке жетті. Ал реанимацияда 34 адам жатыр. Елордадағы эпиджағдайдың нашарлай түсуіне байланысты 4 қалалық ауруханада қосымша төсек-орын әзірленді. Оның ішінде акушерлік бөлімшелерде коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер үшін 150 төсек-орын дайындалды», - деді Ә. Рүстемова.

Оның айтуынша, қазір қалада жаңадан 1240 төсек-орын қайта шығарылды.

«Жағдай әсіресе жүкті әйелдер мен балалар арасында ушығып тұр. Қазіргі уақытта 338 жүкті әйел КВИ-ге шалдығып отыр. Олардың 215-і стационарда емделіп жатыр. Сондай-ақ, стационар жағдайында 126 бала аталған індет түрінен ем алып жатыр. Өкінішке қарай, көп тұрғындар індет штамының жаңа түріне аса мән беріп жатқан жоқ. Сәйкесінше сақтық шараларының орындалмауы індеттің өршуіне алып келіп отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар