Елордада коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда қалада коронавирус инфекциясының 433 жағдайы тіркелді. 255 науқас стационарларда жатыр, 207 адам емделіп шықты, үйде карантинде 2 396 адам бар. Өкінішке қарай бүгін сағат 10:40-та бір әйел адам қайтыс болды», - деді Б. Мәкен.

Оның сөзіне қарағанда, 65 жастағы аталған кісі 15 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Сол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған, осы орайда оны дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды.

Тексеру кезінде аталған адамда коронавирус инфекциясы анықталған. Сонымен қатар, науқастың жағдайы қосымша асқынған аурулары салдарынан нашарлай түскені байқалды.

«Ем-дом шаралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сағат 10:40 кезінде науқастың жүреге тоқтады. Осы жағдайға байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жақында түскен ақпаратқа сәйкес, аталған науқас Ресей азаматы болған», - деді Б. Мәкен.


Соңғы жаңалықтар