Елордада Қорғалжын мен Щучинскіге баратын екі жол ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадан Қорғалжын ауданы және Щучинск қаласына баратын екі жолда көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«12 қаңтарда сағат 21:30-де ауа райының жақсаруына байланысты «Нұр-Сұлтан қаласы - Қорғалжын» (Ақмол кентінен Қорғалжын қорығына дейінгі 18-180 шақырым аралығы) тас жолы мен «Нұр-Сұлтан қаласы –Петропавл қаласы» (Нұр-Сұлтан қаласынан Щучинск қаласына дейінгі 18-231 шақырым аралығында) тас жолы барлық көлік түрлері қозғалысы үшін ашылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ , Қарағанды облысының аумағында барлық ішкі бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды.



Соңғы жаңалықтар