Елордада көпсалалы спорт алаңы ашылды

None
None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында спорт алаңының ашылу рәсімі өтті.

Елорда күні мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп отырған алаңның ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайлов, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бизнесті қолдау жөніндегі бас менеджері С.Елшібеков қатысты.

Шара барысында өрт сөндіру қызметінің мамандарын құттықтаған вице-министр Мемлекет басшысының бастамасымен елорданы дамыту шеңберінде нысанның қолданысқа берілу маңыздылығын және салауатты өмір салтын, дене тәрбиесі мен спортты дәріптеу қажеттігін баса айтты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының демеушілігімен бой көтерген спорттық нысан құрылысына пайдаланылған жарақатқа қарсы және аязға төзімді жамылғы жазды күндері шағын футбол, волейбол, баскетбол, теннис, ал қысты күндері хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан сайыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Футбол алаңындағы жасанды көгал халықаралық, оның ішінде FIFA, UEFA талаптарына сай болса, теннис алаңының синтетикалық жамылғысының материалы Уимблдон ойын алаңындағы жабындығы сәйкес келеді.

Соңғы жаңалықтар