Елордада көпқабатты үйлердің балконына 300-ден астам ту ілінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Astana jastary» жастар ресурстық орталығының волонтерлері «челлендж» ұйымдастырып, қала бойынша 300-ден астам еліміздің көк туын ілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпқабатты үйлердің балконына ту ілу акциясы жыл сайын елімізде 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналды.

«Бүкіл аудандарға 330 ту берілді. Оның 150-і Сарыарқа ауданына бөлінді. Қала бойынша ту ілу жұмысына шамамен 50 адам қатысты», - деп мәлім етті Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметінен.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау, Отанға, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік пен махаббат сенімдерін нығайту.

«Қарсылық танытқандар болған жоқ, тұрғындар бұл челленджді өте жақсы қабылдады. Біздің басты мақсатымыз орындалды деп ойлаймыз», - деді басқарма баспасөз хатшысы Әнел Мансұр.

Айта кетейік, бүгін мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 31 жыл толып отыр. 2007 жылы 4 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.


Соңғы жаңалықтар