Елордада көпқабатты үйге кранның құлауы бойынша тексеру аяқталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көркем Тауэр» тұрғы үй кешенінде болған төтенше оқиғаны тексеру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде (бас мердігер «Intex contract» ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің 6-қабатындағы пәтердің терезесін сындырған болатын. «Стройкласс-Механизация» ЖШС барлық мүдделі тараппен бірге комиссия құрды. Комиссия, оқыс оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады» , - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметінен.

Кран иесіне айыппұл салынды.

«Сонымен қатар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері кранның иесін қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, 28 сәуірде Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің алтыншы қабатына кран құлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар