+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада көпқабатты үйдегі өрттен 5 адам құтқарылды

2019 жылғы 16 қараша 20:31
Бөлісіңіз:
Елордада көпқабатты үйдегі өрттен 5 адам құтқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді Ақтөбеде найзағай түскен қамыс алқабы өртеніп жатыр

16 қараша күндізгі сағат 13:48-де құтқару қызметіне Әуезов көшесіндегі бес қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер келіп жеткенде екінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық техника мен үй заттары жанып жатқан болатын. Құтқарушылар бірінші кезекте төртінші қабаттан баспалдақтың көмегімен 5 адамды құтқарды. Оның ішінде екеуі – бала. Нәтижесінде өрт 14:03-те ауыздықталып, 14:05-те сөндірілді. Қызыл жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған» делінген хабарламада.

Өрт кезінде 1938 жылы туған кейуана ащы газ иісінен уланып, ауруханаға түсті.

Тілсіз жаумен арпалысуға жеке құрамнан 17 адам және 5 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT