Елордада көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты тұрғын үйде лифт құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 10:45-те елордалық құтқарушылар Күйші Дина көшесі бойындағы 31 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде лифтінің құлағаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шыққан.

«Құтқарушылар келіп жеткен кезде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шегушілерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық», - деп атап өтеді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар