USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Елордада көпірден секірген қыз құтқарылды

2020 жылғы 17 шілде 22:35
Бөлісіңіз:
Елордада көпірден секірген қыз құтқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада сағат 19:10-да көпірден секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 19:10-да Жедел басқару орталығынан «112» қызметіне куәгерлер мен құтқарушылар көпірден секіріп кеткен 2002 жылғы бойжеткенді құтқарғаны туралы хабар келген.

«Қуанышқа орай, оқиға болған орыннан алыс емес жердегі жағалауда Азат Күшербаев пен

Михаил Чижик есімді демалушылар болған. Суға алдымен Азат, одан кейін Михаил секірген. Олар суда қозғалыссыз жатқан бойжеткенді құтқару әрекетін жасаған», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бұл уақытта «Тұлпар» көпірін күзетіп жүрген құтқарушылар судағы адамдарды көріп, оқиға орнына катермен барған.

«Олар куәгерлермен бірге бойжеткенді судан алып шыққан. Су-құтқару бекетіне келгеннен кейін жедел жәрдем жеткенше бойжеткенге психологиялық және медициналық көмек көрсетілген. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, #2 қалалық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Хабарламада жазылғандай, бүгінгі күннің батырлары - Азат Күшербаев. Ол 1993 жылы туған, биден сабақ береді.

Чижик Михаил - 1993 жылы туған. Жеке ұйымда инженер болып жұмыс істейді.

Қайрат Жүсүпов - аға құтқарушы, Жігер Темірәли - Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-ның жедел-құтқару отрядының құтқарушысы.

«Оқиға болған кезде ештеңе ойлаған жоқпыз. Бар ойымыз құтқаруға үлгеру туралы болды. Құтқарушылармен бірлесіп адам өмірін құтқарып қалғанымыз үшін алғыс айтамыз», - дейді Азат пен Михаил.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT