+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Елордада көпбалалы аналарды қолдайтын орталық ашу ұсынылды

2019 жылғы 17 шілде 12:51
Бөлісіңіз:
Елордада көпбалалы аналарды қолдайтын орталық ашу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов отбасы институтын қолдау орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ҮЕҰ-ға әлеуметтік жобаларды іске асыруды жандандыру ұсынылды Түркістанда көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге стипендия тағайындалды Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары түсіндірілуде

Өз сөзінде Алтай Көлгінов қалада осы уақытқа дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қажетті мамандықтарға бейімдеу мәселесі қарастырылмағанын айтты.

«Осыны ескере отырып, осындай орталықты Нұр-Сұлтан қаласында құруды ұсынамын. Орталық алдымен әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың мәліметтер базасын жасақтайды. Содан кейін әлеуметтік әлсіз топтарды соның ішінде көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және тағы басқа да мұқтаж отбасылардың мүшелеріне толық әлеуметтік көмек көрсететін болады», - деді ол.

Әкімнің айтуына қарағанда, орталық құқықтық, психологиялық кеңестер беріп, медициналық тексерулерге жолдама ұсынатын болады.

«Отбасы институтын қолдау орталығы аналарға қолайлы болу үшін «Open space» негізінде жасалады және балаларға қарайтын шағын балабақшаның жұмысы ұсынылады. Осы мәселені реттеуді орынбасарым Бақтияр Мәкенге тапсырамын» – деді әкім.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT