+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Елордада коммуналдық төлем бағасы өсе ме – қала әкімінің жауабы

2021 жылғы 14 қаңтар 17:22
Бөлісіңіз:
Елордада коммуналдық төлем бағасы өсе ме – қала әкімінің жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коммуналдық төлем бағасы аяқ астынан негізсіз өсті деген пікірге қатысты қала басшысы жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың желтоқсан айында күннің күрт суытуына байланысты, көмір әдеттегіден көбірек жағылды. Мысалы, қараша айында күніне 150 вагон көмір жағылса, желтоқсан айында 350 вагон көмір жағылды. Сәйкесінше шығын да көп деген сөз. Яғни барлығы да ауа-райына байланысты болып отыр», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, әкім ауа-райының өзгеруіне қарамастан, коммуналдық төлем бағасы өспейтінін айтты.

«Қазіргі уақытта елордада коммуналдық төлем бағасы бұрынғысынша, баға өзгерген жоқ және әзірге өзгермейді. Бұл туралы өз атымнан ресми түрде мәлім етемін», - дейді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын елордалықтар әлеуметтік желі арқылы коммуналдық төлем бағасының аяқ астынан негізсіз қымбаттағаны туралы шағым білдірген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT