Елордада комендант сағаты кезінде жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат етілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Комендант сағаты кезінде елордада әуежай мен теміржол вокзалдарынан жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Талап етілетіні - билетті (суреті) және жеке басты куәландыратын құжаттарды міндетті түрде өзімен бірге алып жүру керек.

«Бұл шаралар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданды. Сондай-ақ, коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол вокзалы» қатынасындағы маршруттық автобустарды арнайы іске қосты, олар 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қатынайды», делінген комендатура хабарламасында.

Комендатура қалада комендант сағаты 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін екенін еске салды. Қала тұрғындарына сыртқа шығуға тыйым салынады. Елорданы құқық қорғау органдары тәулік бойы күзетеді.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар комендатураның жедел штабының 71 60 20 нөмірі не немесе « IKomek109 « қызметіне хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар