+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада «Қолымдағы кітап» акциясы басталды

2020 жылғы 28 шілде 16:00
Бөлісіңіз:
Елордада «Қолымдағы кітап» акциясы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бастаған акцияға Nur Otan партиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен блогерлер қолдау көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі карантин уақытында «Қолымдағы кітап» акциясын бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады. Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады. Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларымен, шығармаларымен бөліседі.

Акция барысында кітапқұмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады.

Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұлақбаймен өткізілді. Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды қалай әдетке айналдыру, жылдам оқу техникасының құпияларымен бөлісті. Эфир барысында көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT