Елордада көлік өртену фактілері 80% артқан

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада көліктегі өрттердің саны артты. Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрттің көп бөлігі тұрғын үйлерде және көлікте болады. Бүгінгі күні көліктегі өрттердің саны 80 пайызға артып отыр. Әрине, бұған объективті және субъективті факторлар әсер етеді», - деді ол.

Еркін Отарғалымұлының айтуынша, өрттер негізінен пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын көлік құралдарында жиі болады. Жүргізушілер көбіне темір тұлпарлардың жай-күйін бақылау мақсатында тексерістен өтпейді.

Сонымен қоса, ол брифинг барысында елордадағы бизнес объектілерді тексеру нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейтін 4 195 дерек анықталғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар