Елордада көлік нөмірлерін заңсыз жасап келген Ресей азаматы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін заңсыз жасап келген Ресей азаматы ұсталды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Фейсбукте таратқан видематериалында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кримиалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде автокөліктердің нөмір белгілерін, оның ішінде сұранысқа ие нөмірлердің көшірмесін заңсыз әзірлеп, сатып жүрген аляқтың ісін әшкереледі. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде мемлекеттік нөмір белгілерінің көшірмесін дайындауға тапсырыс беретін аккаунтарды анықтады. Сондай-ақ абонент нөмірлерінің иелері де белгілі болды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Ресей Федерацияның азаматы болып шықты», - деді ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз.

Оның атап өтуінше, алаяқ ұялы телефон арқылы тапсырыс алып, РФ Омбы қаласындағы өзінің сыбайласына жалған автокөліктің нөмір белгілерін әзірлеуге жолдап тұрған.

«Тінту кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖШС қоймаларының бірінде сатуға қойылған бірнеше автокөліктің нөмір белгілерінің көшірмелері анықталды. қазір күдікті ұсталып, тергеу амалдары жалғасып жатыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар