Елордада көлік қозғалысы 20 пайызға азайды – әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа байланысты елордада адамдардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин режимі іске қосылды, коменданттық сағат жоспарланып отырған жоқ. Қала тұрғындарының қозғалысын шектеуге шақырамыз, себебі біз қала аумағында тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы 20% дейін азайды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сондай-ақ, ол қала тұрғындарының қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты.

«Адамдардың қозғалысына да шектеу қойылуы мүмкін. Жұмыс берушілер бұған түсіністікпен қарап, қызметшілерді үйлерінде онлайн режимде жұмыс істеуге жіберуі керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар